"Жаңа Қазақстан. Таза табиғат" экологиялық акциясы өтті

Республика күнін мерекелеу аясында Павлодар қаласының №27 мектебінде "Жаңа Қазақстан. Таза табиғат" экологиялық акциясы өтті. 3 "В" сынып оқушылары және "Жас гүл өсіруші" балалар бірлестігінің тәрбиеленушілері И.Н.Орт басшылығымен көпжылдық өсімдіктерді, көшеттерді отырғызуға белсенді қатысты.