Самал Нұрланқызы Жұмагулова
Қабылдау уақыты: дүйсенбі - жұма сағат 9-дан 17-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-ден 14-ке дейін.
Өмірлік және кәсіби ұстанымы:
«Өмір сүру – қамықпау, ешкімді ренжітпеу және айыптамау»
«Бала – ылғи періште және жаман тәрбие оның қанатын қағуы мүмкін!»
Қазіргі уақытта да көп адамдардың психологқа псих адамдар, немесе басқаша әлсіз және уайымшыл адамдар ғана барады деген пікірі әліде бар. Және егер сізді тағдыр осы оғаш маманмен кезіктірсе, онда басқалардан мұны жасыру керек немесе ұялады. Мұндай пікірлердің барлығы психологтың кім екендігін, немен айналысатындығын білмегендіктен туындайды, мұндай жағдайда ол маманға барған дұрыс.
Психолог – бұл дәрігер емес. Ол тек қана психикалық дені сау адамдармен жұмыс істейді.
Психологтың міндеті — біріншіден адамға өз қателігін түсінуге көмектесу, сосын оның мүмкін шешімдерін қарастыру.
Психолог мектепке қандай қызметтер ұсына алады?
- Тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріне диагностика.
- Оқушылардың психологиялық денсаулығына диагностика.
- Өз-өзіне қол жұмсау мәселесі бойынша кеңес беру.
- Бір деңгейден екінші деңгейге өтуде психологиялық сүйемелдеу.
- Оқушылардың, ата-аналардың психологиялық мәдениетін көтеру.
- Кәсіптік бағдар жұмысы.
- Жеке өсудің тренингі.
Мектепте «Сенім почтасы» жұмыс істейді.
Мақсаты: Оқушыларға жеке сипаттағы, айналасындағы адамдармен араласу мәселесін шешуде психологиялық көмек көрсету.