№27 ЖОББМ «Білім беру кеңістігіндегі цифрландыру» тақырыбында педагогикалық кеңесі өтті.
№27 ЖОББМ «Білім беру кеңістігіндегі цифрландыру» тақырыбында педагогикалық кеңесі өтті. Күн тәртібіне сәйкес мектеп басшсының м.а. Д.Қ. Масақбаева тоқсан қорытындысын жариялады, ОІМ С.Ж. Мусалимова балалардың олимпиадаларға қатысу қорытындысын шығарды, сонымен қатар 1 жартыжылдықтағы мұғалімдер қызметінің рейтингіне тоқталды.
Педкеңестің практикалық бөлімінде мұғалімдер Шапенова Р.А., Симбаев Е.С., Коммунист А.Т., Искакова Р.Р. оқыту тәжірибесінде тиімді цифрлық платформаларды пайдалану бойынша өзара оқыту өткізді, мысалы, Kahoot, Padlet, LearningApps.com, Wordwall және т.б.
Педкеңес дөңгелек үстел форматында өтіп, әріптестер арасында сындарлы диалог болып, кері байланыс пен ұжымның алдағы жұмысына ұсыныстар берілді.