Бүгін №27 ЖОББМ педагогтарына арналған Павлодар қ. «Өрлеу» ПБАО АҚ бірлесіп ұйымдастырылған «Жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген ата-аналармен ынтымақтастық» атты практикум өтті. Бұл шараны «Өрлеу» ПБАО АҚ жетекшісі Әшімбетова Р.Д. өткізді.

Әшімбетова Р.Д. презентация арқылы бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мен рөлі, бала тәрбиесіндегі ана мен әкенің рөлі сияқты тұстарға тоқталды. «Мұғалім-ата-ана-оқушы» ынтымақтастықтағы тәрбие туралы мектеп мұғалімдері Мухамбетжанова А.Қ., Конукпаева М.Б., Бойкова М.В., Искакова Р.Р., Касанова Д.С. ата-аналармен жұмыс жүйесі жайлы тәжірибемен бөлісіп, жақсы отбасының қасиеттері туралы әңгімеледі.
Мұғалімнің жан дүниесінде оқушының ата-анасы үшін орын болуы керек. Отбасымен жұмыс жасауда осы мәселеге заманауи көзқарастарды ескеру қажет. Ал бала тәрбиесінде үлкен жетістікке қол жеткізгіміз келсе, ата-аналармен белсенді жүйелі ынтымақтастық қажет.