Павлодар қ. білім беру әдістемелік бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 10 ақпанында N27 ЖОББМ мемлекеттік тілде оқытылатын №27,№5,№46 мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерінің «Ұшқыр үштік» атты педагогикалық желілік қоғамдастығының салтанатты тұсаукесері өтті. Кіріспе бөлімінде қалалық білім бөлімінің әдіскері Шолпан Шаханқызы Қайырғазина тілек айтты. ОІМ Мусалимова Сауле Жасланқызы «Педагогикалық желілік қоғамдастық мұғалімнің кәсіби дамуының бір түрі ретінде» тақырыбында өткізген коучингте өзара оқыту арқылы шағын жобалар қорғай отырып, қатысушылар қауымдастықтың үлгісін құрады, онда олар оның қажеттілігі туралы айтып, күтілетін нәтижені, мақсаттар мен міндеттерді анықтады. Ал ұстаздар ұжымының ең маңызды бүгінгі таңдағы бағыты - білім беруде өзекті болып отырған Lesson Study зерттеуі болды.
Мектептің информатика пәнінің мұғалімі Коммунист Азатгүл Тасыбайқызы түрлі цифрлық ресурстардың сабақта қолдану тиімділігіне тоқтап, Падлет қабырғасы арқылы іс-шараға кері байланыс жүргізді.
Бастауыш сынып мұғалімі Идрисова Әлия Серікқызы кері рефлексия, Мусина Салтанат Социалқызы музыкалық тренинг өткізді.
Тұсаукесер қонағы Торайғыров университетінің докторы Әубәкірова Салтанат Советқызы біріккен мектептер командасына тілегін білдірді.
Презентация соңында әдіскер Қайырғазина Ш.Ш. мұғалімдерге сертификаттарын табыс етті, педагогикалық желілік қоғамдастық құрудың маңыздылығы мен өзектілігіне тағы бір мәрте тоқталды.
«Ұшқыр үштік» атты педагогикалық желілік қоғамдастығының салтанатты тұсаукесері.