Жаппай диктант
9 сәуір күні 5-8, 10 сынып оқушылары арасында Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесін насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік, айқындамаларын қалыптастыру аясында жаппай диктант өткізілді. Диктанттың мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.