“Павлодар дауысы”

2024 жылдың 11 маусымында “Жазғы POV - 2024” жобасы аясында “Павлодар дарыны” бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен “Павлодар дауысы” қалалық вокалдық конкурсына мектебіміздің “Искорки” тобы қатысып, 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Топ қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз!