«Дармарқа» волонтерлік акциясына қатысты.

02.12.2024 жылы Павлодар қаласының № 27 ЖОМ волонтерлар клубы қажетсіз заттармен алмасу арқылы оқушыларды қайырымдылыққа қатысуға ынталандыруға бағытталған «Дармарқа» волонтерлік акциясына қатысты. Бұл іс-шараға 7 «Б» сынып оқушылары белсенді қатысты. Сондай-ақ, 5 «Б» сынып оқушысы Чапышев Артем осы акцияның ең белсенді қатысушысы болып табылады, ол алмасу үшін көптеген жеке жұмсақ ойыншықтарды әкелді.