Сенім телефоны
33-81-23
email: sosh27@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140006 Павлодар облысы, Павлодар қ. Павлов көш, 17
қабылдау бөлмесі: 33-81-23, бухгалтерия: 33-81-46, әдістемелік кабинет: 33-81-25
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
бейсенбі сағат 14.00 - 18.00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
2025 жылғы 16 қаңтарда Павлодар қаласының № 27 орта мектебінде жасөспірімдерді есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына тартудың құқықтық салдарын түсіндіруге арналған интерактивті дәріс өтті.
16-01-2025 13:42

Павлодар облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің басшысы оқушыларға құқыққа қайшы әрекеттерге тартылған жастардың қандай ауыр қауіп-қатерлер мен жауапкершіліктерге тап болатынын егжей-тегжейлі түсіндірді. Дәріс диалог форматында өтіп, әр қатысушы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды.
Дәрісте құқықтық аспектілерге ерекше назар аударылды, соның ішінде есірткі құралдарын сақтау, тарату және пайдалану үшін жауапкершілік түрлері мен олардың жастардың өмірі мен болашағына тигізетін салдары талқыланды.
Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастыруға және өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуіне, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттерге тартылудың алдын алуға бағытталған.
Жастар арасындағы алдын алу жұмысы Павлодар облысы полициясы қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.