Бүгін мектеп психологы 10 «Б» сыныбында «Стоп буллинг! Сынып ұжымын біріктіру» тақырыбында тренинг өткізді.
Бүгін мектеп психологы 10 «Б» сыныбында «Стоп буллинг! Сынып ұжымын біріктіру» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушылар буллингтің не екенін, оны қалай тануға болатынын және оған қарсы тұрудың қандай әдістері бар екенін талқылады. Сондай-ақ, оқушылардың достық қарым-қатынасы мен өзара түсіністігін нығайтуға бағытталған топтық жаттығулар жүргізілді. Буллингпен күресу - мектепте жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызды қадамы!
