«Алаш зиялылары» атты сынып сағаты
Қазақстанда жыл сайын ең маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтеді. №27 мектебінде осыған орай Тілдер апталығы ұйымдастырылды.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сейтахметова Н.Б. мен мектеп кітапханашысы Алдекенова У.М.-мен бірге 5 «Ә», 6 «Ә», 7 «Ә» сынып оқушыларымен «Алаш зиялылары» атты сынып сағатын өткізді.
Оқушылар қазақ тілінің тарихымен танысып, еліміздегі бірліктің негізі – барлық ұлттар мен ұлыстардың мәдениетіне құрмет екендігін ұғынды.
Бұл күн – ана тіліміздің қадірін түсініп, оны келер ұрпаққа жеткізу қажеттігін еске салатын ерекше сәт.



