Мектеп кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған танымдық іс-шара өтті
Мектеп кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған танымдық іс-шара өтті. Шараға 4 «А» -5 «Б» сынып оқушылары қатысты, 9 «В» сынып оқушысы Страшко Богдан Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты әрі түсінікті таныстырып өтті. Оның таныстырылымы бастауыш сынып оқушыларына Абай қандай ұлы адам болғанын жақсы түсінуге көмектесті. Іс-шара жылы достық көңіл- күйде өтті. Ол оқушылардың Қазақстанның мәдени мұрасын құрметтеуге және олардың дүниетанымын кеңейтуге ықпал етті.



