«Шәмші салған сырлы ән…» атты қалалық вокалдық байқау
Бүгін, 2025 жылдың 15 қазанында, Қ. Б. Даржуман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінде «Шәмші салған сырлы ән…» атты қалалық вокалдық байқау өтті. Біздің мектептің музыка пәні мұғалімі Кенесбаева Әсемгүл Мендыбаевна және 6 «Б» сынып оқушысы Казакова Аделина байқауға «Кешікпей келем деп ең» әнімен қатысып, «Шығармашылық серпін» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!

