Есентай Ерботинның 85 жылдығына орай жас орындаушылар арасында мәнерлеп оқу байқауы
Бүгін 2025 жылдың 17 қазанында Бұхар Жырау мұражайында балалар ақыны Есентай Ерботинның 85 жылдығына орай жас орындаушылар арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті. Мектебімізден 3”Ә” сынып оқушысы Кабылкаир Гаухар және 5”А” сынып оқушысы Павлова Анастасия қатысты.
Нәтижесі бойынша жас орындаушыларымыз Алғыс хаттармен марапатталды. Павлова Анастасия облыстық кезеңге жолдама алды.
Дайындаған мұғалімдері: Уалиева Ж.К. мен Сейтахметовна Н.Б.


