Бүгін №27 мектепте 9–11 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы туралы маңызды дәріс өтті.
Бүгін №27 мектепте 9–11 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы туралы маңызды дәріс өтті.
Мектеп медбикесі Искакова Майраш Калиевна және жоғары санатты акушер-гинеколог, антенаталды күтім бойынша өңірлік үйлестіруші, КМПА Павлодар филиалының президенті, жоғары қауіп тобының дәрігері және 32 жылдық тәжірибесі бар УДЗ маманы Хамитова Гүлнара Айткельдиновна мазмұнды әрі жылы жүзді кездесу өткізді.
Оқушылар өз денсаулығына қамқор болудың маңызын, жасөспірім кезеңіндегі физиологиялық өзгерістерді, шекараларды, құрмет пен жауапкершілікті түсінді.
Болашақ ұрпақтың денсаулығына қосқан үлесі мен кәсібилігі үшін құрметті мамандарымызға алғысымызды білдіреміз!



