2025 жылғы 19 желтоқсан күні Павлодар станциясындағы ЖПБ құқық бұзушылықтын алдын алу тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Е.Қ. Сайлаубеков, теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастар, әсіресе оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қауіпсіздік деңгейін арттыру, жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алу.
Дәріс барысында оқушыларға:
- теміржолды тек арнайы белгіленген жерден өту қажеттігі;
- келе жатқан пойызға жақындаудың қауіптілігі;
- жол үстінде ойнауға, фотосессия жасауға, себепсіз жүруге болмайтыны;
- теміржолдан өту кезінде құлаққап пен ұялы телефон пайдаланудың қауіптілігі туралы ескертілді.
Ерекше назар пойыздың бірден тоқтай алмайтынына аударылды — тежелу жолы жүздеген метрге дейін жетеді. Кез келген қателік немесе салғырттық қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін.

