Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
33-81-23
Адрес: 140006 c. Pavlodar, st. Pavlov 17
reception: 33-81-23, accounting: 33-81-46, methodical study 33-81-25
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Thursday from 14.00 - 18.00 h.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Бүгін, 30.12.2025 жылы мектебімізде «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: тәсілдер, құралдар, нәтижелер» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.
30-12-2025 10:58
Бүгін, 30.12.2025 жылы мектебімізде «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: тәсілдер, құралдар, нәтижелер» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.

Бүгін, 30.12.2025 жылы мектебімізде «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: тәсілдер, құралдар, нәтижелер» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Функционалдық сауаттылықты дамыту – білім алушылардың алған білімін күнделікті өмірде, оқу және әлеуметтік жағдайларда тиімді қолдана алу қабілетін қалыптастыруға бағытталған маңызды басымдықтардың бірі. Отырыс барысында оқу үдерісінде қолданылып жүрген заманауи педагогикалық тәсілдер, бағалау құралдары мен олардың нақты нәтижелері талқыланды. Мұғалімдердің тәжірибесіне талдау жасалып, білім сапасын арттыруға ықпал ететін тиімді әдістер айқындалды.
Кездесу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейіне жүйелі талдау жүргізіліп, 2-тоқсан қорытындысы бойынша үлгерім мен сабаққа қатысудың салыстырмалы мониторингі ұсынылды. 10-сынып оқушыларын оқытудағы сабақтастық мәселесіне ерекше назар аударылып, сынып жетекшілері, мектеп психологы және пән мұғалімдері тарапынан ұсыныстар берілді. Сонымен қатар педагогтерді аттестаттауға дайындық, әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысу нәтижелері, мұғалімнің оқушыларды ұйымдастыру, әртүрлі іс-әрекетке тарту және өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру біліктерін бағалау мәселелері қарастырылды. Отырыс қорытындысында шығармашылық топтың тренингі өткізіліп, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған практикалық тапсырмалар орындалды.