2026 жылғы 6 қаңтарында 9-сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжіне барды.
2026 жылғы 6 қаңтарында 9-сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжіне барды. Оқушылар үшін экскурсия ұйымдастырылып, оның барысында олар дайындық бағыттарымен, оқуға түсу және оқу шарттарымен, сондай-ақ колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты.
Оқу орнының өкілдері сұранысқа ие экономикалық мамандықтар, әрі қарай білім алу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға қажетті пайдалы ақпарат алды.



