2026 жылғы 14 қаңтарда 10–11 сынып оқушылары үшін Астана қаласынан келген шетелде білім алу мәселелері бойынша менторлармен «Шетелде білім алу мүмкіндіктері және халықаралық білім беру бағдарламалары» тақырыбында мазмұнды әрі шабыттандыратын кездесу өтті.
Кездесу барысында сарапшылар жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында білім алудың перспективалары, халықаралық білім беру бағдарламалары мен стипендиялық мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, ел мен оқу орнын дұрыс таңдау, құжаттарды дайындау және оқуға сәтті түсу жолдары бойынша тәжірибелік кеңестер ұсынылды.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ білім беру бағытын саналы түрде таңдауға көмектесетін маңызды мәліметтер алды. Аталған іс-шара жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарын айқындауда маңызды қадам болып, заманауи білім алудың халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктері жөніндегі көзқарастарын кеңейтті.


