Бүгін, 23.02.2026 ж., мектебімізде 8-сынып оқушыларына арналған «Жеке шекаралар» тақырыбында маңызды әрі өзекті дәріс өтті.
Бүгін, 23.02.2026 ж., мектебімізде 8-сынып оқушыларына арналған «Жеке шекаралар» тақырыбында маңызды әрі өзекті дәріс өтті. Кездесудің спикері - жеке шекаралар бойынша маман, психолог-сексолог Найля Кусаинова.
Дәріс барысында өзін және өзгені құрметтеу, «жоқ» деп айта білу, манипуляцияны тану және салауатты қарым-қатынас құру мәселелері талқыланды. Оқушылар жеке шекараның дөрекілік емес, керісінше өзін-өзі сыйлау, қауіпсіздік пен ішкі тұрақтылықтың негізі екенін түсінді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті: оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойып, маманнан құнды кеңестер алды. Осындай кездесулер жасөспірімдердің саналы көзқарасын қалыптастырып, өзіне деген сенімділігін арттыруға ықпал етеді.



