4 наурыз күні 10–11 сынып оқушылары үшін Ұлттық ұлан өкілдерімен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
4 наурыз күні 10–11 сынып оқушылары үшін Ұлттық ұлан өкілдерімен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты — жоғары сынып оқушыларын әскери қызметтің ерекшеліктерімен және әскери оқу орындарында білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру.
Кездесу барысында оқушыларға Ұлттық ұланның міндеттері мен қызмет бағыттары, әскери институттарға түсу шарттары, әскери қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар, мансаптық өсу мүмкіндіктері мен әскери қызметшілерге берілетін әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери қызметші мамандығы туралы кеңірек мәлімет алды. Осындай кәсіби бағдар беру іс-шараларын өткізу оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал етеді.
