Наурыз мейрамындағы зияткерлік жеңіс!
Наурыз мейрамындағы зияткерлік жеңіс!
Наурыз мейрамын мерекелеу аясында қаланың орталық алаңында Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары арасында шахматтан ашық жарыс өтті. №27 ЖОББМ-нің 7 «В» сынып оқушысы Трайспай Мирас тамаша ойын көрсетіп, шахматтан жүлделі ІІ орынға ие болғанын мақтанышпен хабарлаймыз.
Мерекелік қарбалас пен көрермендердің көптігіне қарамастан, Мирас ерекше төзімділік, жинақылық және жеңіске деген ерік-жігер танытты. Стратегиялық ойлау қабілеті мен шеберлігі үшін жас шахматшымызға естелік сыйлық — қолшатыр табыс етілді.
Трайспай Мирасты лайықты «күміс» жүлдесімен құттықтаймыз! Оқушымызға алған асуларымен тоқтап қалмай, жаңа спорттық шыңдарды бағындыруды тілейміз.
