
Қазақ Елінің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында мемлекеттік тілдің дамуын жүзеге асыру мақсатында біздің мектепте «Екі жұлдыз» жобасы өтті. Сайысқа 6 жұп қатысты: дене шынықтыру мұғалімі Даутекова А.Т. 7А сынып оқушысы Квиртия К-мен; бастауыш сынып мұғалімі Конкукпаева М.Б. 1В сынып оқушысы Миловацкая М-мен; қазақ тілі мұғалімі Төлеуова Ә. А. 11 сынып оқушысы Жупиянова Д.; қазақ тілі мұғалімі Маманиязова Г.О. 6Б сынып оқушысы Жиляева О-мен; бастауыш сынып мұғалімі Мусалинова А.Н. 4В сынып оқушысы Жагыпаров К-мен; қазақ тілі мұғалімі Келекеева З.М. 4Б сынып оқушысы Фомина В-мен. Жоба 3 кезеңнен тұрды. Жұп болып мұғалім өз шәкіртімен шығармашылық мүмкіндіктерімен тілге деген қызығушылықтарын көрсетті. Сайысты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері ұйымдастырды.