ЭКСПО-2017
№ 27 ОББМ «ЭКСПО-2017» бірыңғай сынып сағатын өткізу туралы ақпарат. Павлодар қаласының білім беру бөлімінің мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25- жылдығына орай, мектепте 20 қазанда 1-11 сынып арасында «ЭКСПО-2017» тақырыбы бойынша бірыңғай сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарының өткізу мақсаты «ЭКСПО-2017» халықаралық көрменің маңызын ашып көрсету, жас ұрпаққа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу. Сынып сағаттарында оқушыларға жобаның тұжырымдамасы, «Экспо-2017» логотипі туралы айтылды. Оқушылар топпен жұмыс жасап, энергия көздерінің бірін көрсетіп, плакаттарды дайындауға қатысты; «ЭКСПО-2017» кластерін жасады.