Рухани жаңғыру
Елбасымыздың Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» атты жолдауын жүзеге асыру және оқушылардың мейірімділік, қамқорлық сезімдерін ояту мақсатында №27 Жалпы орта білім беру мектебінің 5 «Б» сынып оқушыларымен №52 арнайы балаларға арналған балабақшада тәрбие сағатын өткіздім. Тәрбиеленушілерге қазақ халқының ұлттық ойындарын ойнатып, ән-күйімен сусындатып, қазақтың салт-дәстүрімен таныстырдық. Соңында салтымыз бойынша кәде сый ұсынып, балаларды қуанышқа бөледік.
Айта кететін жайт, бұл іс-шара тек қана тәрбиеленуші балаларды ғана қуантып қойған жоқ, сонымен қатар оқушыларыма кішіге деген құрмет сезім ұялатты. Оқушылар жасаған құрметтеріне қуанышты болып тарқасты.
№27 ЖОББМ 5 «Б»сынып жетекшісі Әсел Абылқайырқызы Бопышева