"Оқитын бала аллеясы"
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын, "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Книголюб" бейіндік отрядында 10 маусым күні "Оқитын бала аллеясы"мерекесі өтті.
Іс-шараның мақсаты-кітапқа деген қызығушылықты дамыту, оқу мәдениетін тәрбиелеу, ұжымшылдық рухын дамыту. Іс-шараға "Книголюб"бейіндік отрядының 20 мүшесі қатысты. Іс-шарада мектеп кітапханашысы Елюбаева МҮ оқушыларды жаңа әдебиетпен таныстырды, балалар оқылған кітаптар туралы пікірлерімен бөлісті,оқылған шығармалардың үзінділерін сахналады. Іс-шараның қорытындысы бойынша оқушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.