Рухани келісім-қазақстандық қоғам тұрақтылығының кепілі
17 қазан күні №27 ЖОМ 4 сыныптарда "Рухани келісім-қазақстандық қоғам тұрақтылығының кепілі" атты бірыңғай сынып сағаты өтті. Балалар топтарда жұмыс істей отырып, сөзжұмбақтарды шешіп, төзімділік ағашын құрастырды, достық туралы өлеңдер айтты, гүлде толеранттық көрініс түрлерін жазды. Синквейннің көмегімен қорытынды жасалды: Толерантты болу деген не? Болу қандай? Әр топ өз синквейнін оқыды.