Жеңіс Алауы

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған "Жеңіс алауы" жалпы мектептік жобасы аясында 3 "Б" сынып оқушылары 3 "В" сынып оқушыларына факел табыс етті. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы-бұл күн ерекше мағынаға толы. Бұл ұрыс даласында қаза тапқандарды еске алу. Бұл бүгінгі ардагерлерге деген құрмет. Жеңімпаздар ұрпағы алдындағы біздің борышымыз-соғыс туралы тарихи естелікті сақтау, қаза тапқан бір де бір сарбазды ұмытпай, тірі ардагерлерге ерлік көрсеткендері үшін құрмет көрсету. "Жеңіс алауы" оқушылардың рухани – адамгершілік және азаматтық – патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.