Телефон доверия
337250
email: school33kz@mail.ru
Адрес: Байтұрсынов, 14
337303
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мемлекеттік рәміздер
14-02-2019 00:33
Мемлекеттік рәміздер

Павлодар қаласының № 33 ЖОМ жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін зерттеу мен насихаттау бойынша 2018-2019 оқу жылында келесі іс-шаралар өткізілді:

2018 жылғы тамыз айында мектеп аумағында ту орнатылды   

Мектепішілік іс-шараларға арналып, барлық оқушыларға жалаушалар (747) алынды.    

2018-2019 оқу жылына арналған салтанатты жиын мектеп аумағында өтті. Шара мемлекеттік туды көтеруден басталды. Биылғы оқу жылында Мемлекеттік туды көтеру мәртебесі оқу мен спортта жеткістіктерімен ерекшеленген 10 «А» сынып оқушысы Балпекова Даянаға берілді.

Әнұран – мемелекеттің ең басты рәміздерінің бірі. Мектеп жоспарына сәйкес музыка және қазақ тілі сабақтарында ҚР мемлекеттік Әнұранын оқыту жүзеге асырылады.

Азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру мақсатында мектепішілік іс-шаралар кезінде ҚР мемлекеттік рәміздері жүйелі түрде қолданады.

Отанына деген сүйіспеншілік, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында қыркүйек айында «ҚР рәміздері – ұлттық мақтаныш» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді.

Мектеп оқушылары облыстық «Менің Туым» жобасына қатысты. Аталмыш іс-шараның мақсаты: Отанына деген сүйіспеншілік, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Іс-шараның міндеті: қазақстандық патриотизмге, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен мақтанышқа тәрбиелеу.

АӘД мұғалімдері С.Ш.Қайдаровтың басшылығымен үйірме жұмыс жоспарына сәйкес өскелең ұрпақты спортқа баулу мақсатында «Ту ұстаушы топтар» сабақтары өтеді.

Мамыр айында «Мемлекеттік рәміздер туралы білімді қалыптастыру деңгейі» монитронингі жоспарлануда.