Бес алтын ереже" атты қарым-қатынас сағаты өтті
"Биік талғамды ұрпақ" жобасын жүзеге асыру аясында 3 "Д" сыныбында "бес алтын ереже" атты қарым-қатынас сағаты өтті."Аталған іс – шараның басты мақсаты-балалардың жаңа коронавирустық инфекция туралы білімдерін бекіту және аурудың таралуына жол бермеу бойынша алдын алу шараларын қайталау. Іс-шара барысында теорияны қарастыру және практикалық әрекеттерді орындау арқылы коронавирус және алдын-алу шаралары туралы білім қалыптасып, дамыды. Оқушылар аурудың таралуына жол бермеу, денсаулықты сақтау бойынша симптоматикамен және алдын алу шараларымен танысты.