«Қаржылық сауаттылығыңды тексер»
«Биік талғамды ұрпақ» жобасы аясында, 24.12.2021ж. 10"Б" және 11"А" сыныптарында «Қаржылық сауаттылығыңды тексер» экономикалық квест ойыны өткізілді. Оқушылар жеке қаржы саласында сыни тұрғыдан ойлаудың тәжірибелік дағдыларын көрсетті, сонымен қатар қаржылық мақсаттарды қою және оларға жинақталатын қаржылық құралдарды таңдау тұрғысынан негізделген шешімдер қабылдауды үйренді. Ең бастысы, олар қаржылық мақсаттарға жету үшін жинақтарды құру, жеке бюджетті сақтау және жеке қаржылық жоспарды құру қажеттігін түсінді.
#биікталғамдыұрпақ
#рұханижаңғырупавлодар
#ruhanijangyru
@bilim_pavlodar
@bilim_basqarmasy