Турнир
Ақын А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай 9 сынып оқушылары арасында дебаттық турнир өткізілді. Турнир барысында оқушыларға Ахмет Байтұрсыновтың ғалым лингвист, филолог ретінде қызмет атқарғаны туралы айтылды. Сондай-ақ, "Алаш"қозғалысының көшбасшыларының бірі ретінде оның саяси қызметіне тоқталды. Турнир қатысушылары шешендік шеберлікпен жарысып, сыни ойлау, пікірталас жүргізу дағдыларын көрсетті. Турнирге "Достар" және "Масса"командалары қатысты. "Достар "командасы жеңіске жетіп, Ислам Рамазанов турнирдің үздік спикері болып танылды.