Мониторингтік топтың отырысы
9 қыркүйек күні мектебіміздің басшысы Т.А. Мигунова, қамқоршылық өкілдері, ата-аналар қоғамы мен мектеп асханасының жалға алушысы М. С. Жаукенованың қатысуымен тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау бойынша мониторингтік топтың отырысы өтті. Күн тәртібінде тамақтану , қызмет көрсету сапасы және баға саясаты мәселелері талқыланды . Ата-аналар азық-түлік сапасын жақсарту және өнім бағасын төмендету бойынша өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді. Жалпы, тамақтану сапасын күнделікті бақылау туралы сындарлы шешім қабылданды. Бұл мәселе мектеп әкімшілігінің бақылауында.