Павлодар облысының оқушылары Республика күнін мерекелеу қарсаңында бірыңғай патриоттық диктантқа қатысты.
Диктанттың мақсаты: мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарына құрметпен қарау, ұлттық бірлікті қалыптастыру және қоғамдық келісімді нығайту, Отанға деген патриотизм мен сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты арттыру, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, елдің қоғамдық келісімі мен бірлігін нығайту.
"Атамекен" тақырыбындағы бірыңғай диктант өңірдегі жалпы орта білім беретін мектептердің 2-11 сынып оқушыларын біріктірді. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде дұрыс бағыт қалыптастыруға және оларға өз Отанына деген сүйіспеншілікті оятуға мүмкіндік береді деп үміттенеді.
Патриоттық диктант