Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Вам нравится обучение в нашей школе?
Голосовать
А) да - 225
Б) нет - 69
В) не очень - 53
Всего проголосовало: 347
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Қош келдің, әз - Наурыз!"
13-03-2023 08:13

«Білім және ғылым жүйесін дамытудың ғылыми негіздері» бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың ғылыми-техникалық бағдарламасы, «Қазақстан Республикасында үштілді білім беруді дамыту мен таратудың концептуалдық негізі» жобасы аясында “Павлодар қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі ЖОББМ”  - де "Жол картасы" жобасы аясында 2023 жылғы наурыз айының 13 жұлдызы күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестік апталығының салтанатты  ашылуы өтті. Апталықты мектеп басшысы Мигунова Т.А. алғы сөзбен ашты. Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, Қыдыр ата келіп, әр отбасыға дәулет дарысын, бақ қонсын деп, ақ тілектерін жаудырды. Ән айтылып, оқушылар би биледі.  Апталыққа "Нұр-Ана әлемі" қоғамдық бірлестігі келіп мерекеге нұр шашып, шашу төгіп, ән шырқап, ақ батасын берді. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен келген қонақтарды Павлодар қаласының N43 жалпы орта білім беру мектебі  құттықтап, ән шашуын ала келді.  Мектеп оқушылары күй орындап, би билеп, әсем ән шырқады. «Бірлік» ансамблінің жас домбырашылары мен қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестік мұғалімдері «Қазақ осы» әнін шырқай отырып, барлық келген қонақтарды келе жатқан наурыз мерекесімен құттықтады.