Бүгін 2023 жылдың 5 қыргүйек күні А.Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беретін мектепте мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.
Аталмыш шараға 5-11 сынып оқушылары қатысқан болатын. Мектеп мұғалімдерінің атсалысуымен ауқымды шара өз мақсатына жетіп, мемлекеттік тілді білуге оқушылардың қызығушылықтары арта түсті.
-Бұндай іс-шараға қатысу игі дәстүрге айналып кетті, - деп Асель Абулкаировна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі өз сөзімен бөлісті. Диктант жазу сияқты тәжірибе балалардың білімдерін тексеріп қана қоймай, көкжиегіңізді кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Мағжан Жұмабаев – заманының заңғар тұлғасы» тақырыбында өткізіген жалпықазақстандық ашық диктант өз мәресіне жетіп, күтілген нәтижеге қол жеткізілді.