PISA халықаралық зерттеуі!
1 ақпан күні «№ 34 инновациялық үлгідегі ЖОМ» ММ PISA халықаралық зерттеуінің сынақ тестілеуі өтті. Тестілеуге 2002 жылы туылған 107 оқушы қатысты. Оқу жетістіктерін зерттеу үш бағытта жүзеге асырылады:
- оқу сауаттылығы
- математикалық сауаттылық
- жаратылыстану ғылымы
PISA халықаралық зерттеуі өмірлік жағдайларда, оқу барысында алынған білімдер мен дағдыларды, белгілі бір пәндермен немесе білім беру салаларымен тікелей байланысты емес мәселелерді шешудегі құзыреттілікті қолдану қабілетін бағалауға бағытталған.