"Ынтымақ жүрген жерде, Ырыс бірге жүреді"
27 маусымда мектеп жанындағы лагерьдегі күн сергек жаттығумен басталды, ал жиын достық пен ынтымақтастыққа арналды. Сонан соң балалар бассейнге барып, жігерленіп алды. Лагердің құрама командасы Астана қаласының 20-жылдығына және Павлодар облысының 80-жылдығына арналған «Super Ұлдар» атты қалалық жобаның 1-турына қатысып, 2-ші орынды иеленді. 4-ші жасақтың тәрбиешісі А.О. Назаренко жеңімпаздарды дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Күн «Бір актердың театры » ертегілік байқаумен аяқталды.