Ашық есік күні
2018 жылғы 8 желтоқсан күні № 34 инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған Ашық есік күні өтті. Осы іс-шара бағдарламасы аясында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында семинар өтті, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдері және пән мұғалімдерімен жоғары әдістемелік деңгейде бірқатар сабақтар өткізілді. Ата-аналарға оқу-танымдық қызметте оқушылардың ынталылығын көруге, пікір, пікір алмасуға, туындаған сұрақтарына жауап алуға және шешу жолын белгілеуге мүмкіндік берілді. Бұл іс-шараның қорытындысы бойынша бірінші сынып мұғалімдерінің жұмысы туралы көптеген оң пікірлер айтылды.