Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Вам нравится обучение в нашей школе?
Голосовать
А) да - 229
Б) нет - 69
В) не очень - 53
Всего проголосовало: 351
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сәт сапар, түлектер!
03-06-2020 20:18
Сәт сапар, түлектер!
#Repost @akimat.pavlodar (@get_repost)
・・・
Сәт сапар, түлектер!
Бүгін Павлодар қаласының 37 мектебінде 11-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылды. 1150 түлек мектеп бітіргені туралы аттестат алды.
 
Бұрынғы 11-сынып оқушылары үшін 2020 оқу жылы ұзақ уақытқа есте қалады: ұзақ уақыт ішінде алғаш рет оқушылар ғылымды онлайн режиімінде еңсерді. ҰБТ-ға дайындықта үй жағдайында өтті, алайда оқушылардың айтуынша, оларға мұндай формат әдеттегіден оңай көрінді.
 
- Меніңше, біздің бітіруіміз біршама стандартты емес болып шықты. Соңғы тоқсанда біз қашықтықтан оқыдық, бірақ үйде оқу әдептәуір оңай екенін айтқым келеді, себебі алаңдатын факторлар жоқ. Бүгін бізде кішкентай мереке, бір-бірімізбен, мұғалімдермен және мектеппен қоштасудамыз. Өткен жылдардан айырмашылығы, бізде Бітіру кеші болмайды, бірақ біз сыныптастарымызбен бұған түсіністікпен қараймыз. Ақыр аяғында осындай жағдайға әлемнің бүкіл мектеп оқушылары тап болды. Мен мектепті сағынамын, мұғалімдерге маған берген білімі үшін алғыс айтамын, – деп № 34 мектептің 11 «Б» түлегі Юлия Загорская өз эмоцияларымен бөлісті.
 
Соңғы қоңыраулар мен бітіру кештері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен ұсынылған барлық карантиндік шараларды сақтаумен өтті: маска режимі, оқушылар арасындағы қашықтықты сақтау, қонақтар санын шектеу.
 
- Биыл № 34 жалпы орта білім беру мектебін 42 оқушы бітірді. Түлектер арасында 4 – «Алтын белгі» иегері бар, 5 оқушы үздік аттестатқа ие болды. Карантин кезеңінде біздің 11-сынып оқушыларымыз ҰБТ мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарына қызу дайындалды. Оқу бітіру қарсаңында біздің оқушылар онлайн оқуға әбден бейімделді, бұл оларға интернет дәуірінде сөзсіз көмектеседі. Біз оқушыларымызды мақтан тұтамыз, олардың барлығы өте дарынды: олардың арасында спорт шеберлері мен кандидаттары, республикалық және халықаралық олимпиадалардың қатысушылары мен жүлдегерлері бар. Әрине, олар біздің еліміздің болашағы - деп атап өтті № 34 мектеп директоры Болат Айгожин.
 
Он бірінші сынып оқушыларын мектепті бітірулерімен құттықтаймыз!
 
Мұғалімнің берген барлық білімдері сәтті және бақытты болашақты құруға көмектессін!
 
Сәт сапар!
 
Фото: Ольга Бугаева