Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлттың ұлы ұстазына құрмет
14-04-2022 15:18
Ұлттың ұлы ұстазына құрмет

Ағымдағы жылдың алтыншы сәуірінде көркемсөз шебері, әдебиет зерттеушісі, тюрколог, аудармашы, қазақ ұлтының ұлы ұстазы, ағартушы-демократ Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай  Павлодар қаласының № 40 жалпы білім беру мектебінде 8-11 сынып оқушыларымен және мекеме қызметкерлері мен ата-аналар арасында «А.Байтұрсынов - ағартушы ғалым » тақырыбында ашық диктант жүргізілді.  

Ашық диктант өткізудің мақсаты - Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай әрбір азаматқа қазақ тіліндегі білімін тексеруге және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде халықтың мәдени мұрасы ретінде сауаттылық пен сауатты жазу мәдениетін қалыптастыру және арттыру болып табылды.

 

Ашық диктант арқылы  қатысқандар оның  қазақ тілі, әдебиеті бағытында алғашқы ғалым болғандығын; оның қазақ елінің өмірін мысалдап жазған алғашқы әдебиеттік кітабы – «Қырық мысал»мен халықты оқуға, білімге, еңбекке шақырған «Маса»өлеңдер жинағын жазғандығы туралы ақпараттанды. Сондай–ақ А.Байтұрсынұлы аудармамен  айналысып, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін қазақ тіліне аударғандығын қайта пысықтады, оның әдебиетке қазақтың бай сөзін пайдаланып, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, т.б.деген ғылыми терминдерді енгізгендігі туралы қарапайым оқырман біле бермейтін таңсық, тың деректерді білді.

Тілші ғалымның қазақ әліппесі, қазақ тілі оқулықтарын жазудан басқа, қазақ әліпбиін жаңадан жасағандығын, оқытуға қосқан басты үлесі – мектепте қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқулық жазып қалдырғаны туралы қосымша мәлімет жинақтады .

Ашық диктант жазғандар  өз жұмыстарын  ыждихатпен орындап, ынталы тыңдады. Халықтың ұлы ұстазына құрмет көрсетіп, мәдениетті ел азаматтылықтарын танытты, сауатты жазуға тырысты. 

 

 

 Павлодар қаласының № 40 жалпы білім беру мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі : Каппасова Әлия Қадырқызы