Тіл – достықтың құралы
Павлодар қаласындағы №40 жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл – достықтың құралы» тақырыбында қазақ тілі декадасының ашылуы өтті. Іс-шара аясында оқушылардың білімін сынап, ой-өрісін дамыту мақсатында «Эрудит» атты интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Шара қызықты әрі әсерлі өтті. Қатысушылар дәмді бауырсақ пен тәтті кәмпиттен дәм татып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты. Осындай іс-шаралар оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып, білімге құштарлығын оятады.






