Құттықтаймыз!
21-22 желтоқсанда Павлодар қаласының № 21 жалпы орта білім беру мектебінде оқушылардың пән олимпиадасы өткізілді. № 40 ЖОМ атынан 17 оқушы қатысты. 11 «А» сынып оқушысы Сәкен Ботагөз қазақ тілінен олимпиада тапсырмасының 95%- ын орындаса, 8 «Г» сынып оқушысы Пятак Виктория 80%, 9 «В» сынып оқушысы Тазиева Альмира 70%-ын орындады.
11 «А» сынып оқушысы Айдашева Әйгерім орыс тілінен 100-ден 89 балл алды. Олимпиадаға қатысушылардың жүлделі орынға ие болатынына сенеміз.