«Дисграфия у младших школьников»
№40 ЖОББМ базасында мектеп логопедтерінің отырысы болып өтті, осы отырысқа Павлодар қаласы мектептерінің логопедт-мұғалімдері қатысты (№ 15,№6,№26,№5,№24 және т.б.). Отырыс «Дисграфия у младших школьников» тақырыбында өткізілді. Өзінің баяндамасымен біздің мектептің логопед-мұғалімі Қымбат Галлямқызы Матай сөз сөйледі. Аталған отырыста ағымдық сұрақтар талқыланды, ақпарат және тәжірибемен алмасу жүргізілді. Іс-шараны қорытындылай келе барлық қатысушылар логопед және Арт-терапия кабинеттерін көріп қайтты.