РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ҰЛАН БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫ» ҚАТАРЫНА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАУ
Қазақстан халықтарының Тәуелсіздік күнін тойлау шеңберінде 15 желтоқсанда Республикалық «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық ұйымының қатарына жаңа мүшелерін қабылдау өткізілді. Біздің мектептің 91оқушысы Республикалық «Жас Ұлан» балалар - жасөспірімдер ұйымы» қатарының мүшесі болу құрметін иеленді. Рәсімнің құрметті қонақтары: педагогтарға, ата-аналарға, жоғары сынып оқушыларына белгілерін тағу құрметі ұсынылды. Оқушыларды осы естен кетпес жайтмен мектеп директорының орынбасарлары Тұрсын Әмірханұлы Бодиев, Толқын Теміртасқызы Қарпбаева, 11 а сыныбының оқушысы Арман Жансая құттықтады.