Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
Адрес: Ыбырай Алтынсарин көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
"Лидер" жасағының белсенді аптасы
08-06-2018 15:34
      «Лидер» жасағының балалары мектепалды лагерінің алғашқы күнінен бастап уақытты белсенді өткізіп жатыр. 5 маусымда «Батырмол» ойын-сауық орталығына «Алақай, демалыс!» іс-шарасына барып қайтты. Балалар онда түрлі сайыстарға, эстафеталарға және шеберлік класстарға қатысты. Сонымен қатар жақын жерде орналасқан «Ғажайып паркке» барды.
     6 маусымда «Престиж» жасағымен бірлесе №7 ЖОМ базасында өткізілген «Керемет» атты квест ойынының бірінші турына қатысты. Балалар белсенді қатысқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды.
    Сонымен қатар балалар экскурсияларға, жорықтарға, мұражайлар мен кинотеатрларға рахаттанып барады. Павлодар қаласының өзен портына барып, «Қазақстан» теплоходымен өзен бойымен қыдырып қайттық. Бірінші апта қызыққа толы болды және балаларға жағымды көңіл-күй сыйлады. Ал алда әлі көптеген қызықты уақиғалар мен игі істер күтіп тұр.