«Махамбет оқулары»

2019 жылдың 15 ақпанында Павлодар қаласының №14мектепте 5-11 сыныптар арасындақалалық «Махамбет оқулары» өткізілді. «Махамбет оқулары» мектеп оқушылары арасында ақынның шығармашылығын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында жыл сайын өткізіледі. Біздің № 40 мектептен 7 А сынып оқушысы Мукашева Гүлзат «Тартынбай сөйлер асылмын...» жас дарындар байқауы бойынша өз шығармаларын оқу, 6 А сынып оқушылары Жакенова Мөлдір және Сәбитұлы Рамазан «Мен – Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» ақынның өлеңдерін жатқа оқу байқауы бойынша қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша Мукашева Гүлзат және Сәбитұлы Рамазан орынға 3 -ші ие болды.