Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні аясында, Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және СПИД-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Павлодар облыстық орталығы ВИЧ/СПИД-тің алдын алу тақырыбында облыстық бейне-конкурс өткізді.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері жасөспірімдер мен жастардың бойында салауатты өмір салтын жүргізуге бағдарланған құндылықтар жүйесін қалыптастыру; салауатты өмір салтына және зиянды әдеттерден бас тартуға уәждемені арттыру; ВИЧ/СПИД-тың алдын алу; конкурсқа қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Облыстық бейне-байқауда біздің мектептің 8 «А» сынып оқушылары: Ергазинова Сабина, Ендебай Аружан, Тимофеева Кира, Андрусенко Алёна, Оверченко Елена және Мельникова Виолетта қатысып «ВИЧ/СПИД тоқта» бейнеролигін ұсынып, 2 орын алды. СӨС мектеп орталығының жетекшісі Сәрсекеева Анар Қайыртасқызы.
Мектебімізді жеңісімен құттықтаймыз!