Алғыс айту күніне арналған ақпараттық сағат «Баршаңызға алғыс айтамыз!»
Ортақ тарих негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту, қазақтар мен барлық этностардың бір-біріне қолдауының арқасында, бастан кешкен бірлескен қиындықтарды еске алу мақсатында Қазақстанда 1 наурыздан бастап Алғыс айту күні атап өтіледі. 1 наурыз күні №41 ЖББОМ кітапханасында Алғыс айту күніне арналған«Баршаңызға алғыс айтамыз!», атты ақпараттық сағат өтті. Іс –шараға 4 сынып оқушылары қатысты. Ақпараттық сағата оқушылар осы мерекенің пайда болу тарихын білді. XX ғасырдың 30-жылдары Қазақстанға жер аударылған халықтардың қиын тағдырымен танысты. Іс-шараның мақсаты толеранттылыққа, ұлтаралық келісімге, өз елі, өз халқы үшін мақтаныш сезімінтәрбиелеу.Басқа этностардың салт-дәстүрлерін құрметтеуге арналған.