«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ ою-өрнегі» атты шолу жасалды

30 сәуір күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында №41 мектеп кітапханасы 6 "ә" сыныбында «Қазақ ою-өрнегі» атты шолу өткізді. Оқушылар кітапханашымен бірге, сыныптастарына қазақ халқының ұлттық игілігі болып табылатын қазақ ою-өрнегі туралы кітаптардың тұсаукесерін өткізді . Балалар қазақ ою-өрнегінің ерекшеліктері мен стильдері туралы айтып, қазақтың сәндік-қолданбалы өнері, ұлттық киім, зергерлік өнер бойынша кітаптармен таныстырды.